Menu
Қазақстан Республикасы

Қазақстан (Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы (Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан — ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[8]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[9]. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²). Елдің астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі  қазақ тілі. Ресми тілі — орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі — 66,01%, орыстар — 21,05%, өзбектер — 3,07%, украиндар — 1,70%, ұйғырлар — 1,44%, татарлар — 1,17%, басқа халықтар 5,56%.[10] Халықтың 70% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар — 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[11]Экономиканың негізгі бағыты — отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы — теңге.



Астанасы
Nur-Sultan
Шаршы
2717300.0
Халық саны
15340000
Тілдер
Kazakh, Russian
Валюта
KZT
Континент
Asia
Ауыл шаруашылығы министрі
   Minister of Agriculture : Saparkhan Omarov
Министрліктің веб-сайтына сілтеме
   https://moa.gov.kz/ru
Азық-түлік қауіпсіздігі индексі
   57.70
Азық-түлік қауіпсіздігі индексінің көзі
   https://foodsecurityindex.eiu.com